Президент дәрігерлерге қолдау көрсету жүйелі түрде жалғасатынын айтты
Мемлекет басшысы республикалық бюджет нақтылаған кезде, екінші жартыжылдықта да дәрігерлерге үстемақы беру үшін 150 млрд теңге бөлуді тапсырды.
«Пандемия салдарынан болған дағдарыс бізге көп нәрсені үйретті. Мысалы, дәрігерлердің еңбегін бағалау керек екенін ұқтық. Өйткені, кезінде дәрігерлер мемлекеттің назарынан тыс қалды емес пе!? Және кәсіптің маңызды екені материалдық тұрғыда расталып отыруы керек. Сондықтан алдағы республикалық бюджетті нақтылау кезінде дәрігерлерге екінші жартыжылдықта да үстеме ақы беру үшін 150 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Қазір дағдарыс жағдайында осындай қолдау жасап отырмыз, бірақ бұл жүйелі қолдауға айналуы керек», - деп атап өтті Тоқаев.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан