COVID-19 салдарынан қайтыс болған 8 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді
Қызметтік міндетін атқару кезінде коронавирус жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 1111 медицина қызметкері Медсақтандыру қорынан өтемақы алды. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 8 медицина қызметкерінің туыстарына төлем аударылды.
Өңірлер арасында COVID-19 жұқтыру немесе вирустық пневмониямен ауыру салдарынан ең көп төлем алған – Нұр-Сұлтан (176) және Алматы қалаларының (128), Алматы (96), Ақмола (88) және Атырау облыстарының (79) медицина қызметкерлері.
Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.