Демалыс және мереке күндері көптеген нысандардың жұмысына шектеу қойылады
Елордада карантиннің шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы (екінші кезең) Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Айгүл Шағалтаеваның қаулысы жарияланды.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары келесі талаптарды сақтауды жалғастыра береді:
Одан бөлек:
Жұмыс күні (ауысымның) барынша қысқартыла отырып, меншік нысаны мен қызметкерлердің штат санына қарамастан, барлық ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс істеуі тиіс.
Жұмыс күндері қалалық қоғамдық көлік сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін және демалыс және мереке күндері сағат 9:00-ден 21.00-ге дейін қатынайды.
ХҚКО жұмысын алдын ала қатаң түрде еGov.kz, eGovKZBot 2.0 телеграм бот арқылы брондау ретімен, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін істейді. Құжаттау бөлімі: жұмыс күндері түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін және сенбі күні сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін; Мамандандырылған бөлім: жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін құжаттарды қабылдау, дайын құжаттарды түскі үзіліссіз сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері бір келушіге 4 шаршы метр есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтай отырып, жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін белгілейді. Демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салынады. Бұл ретте көрсетілген объектілер мен олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, кинотеатрлардың, ойын орталықтарының, фудкорттардың жұмысына қатаң тыйым салынады.
Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін істейді, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Білім беру орталығы, балалар мен ересектерге арналған үйірме, балаларды дамыту орталықтары (5 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша,) жұмыс күндері сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып істейді. Демалыс және мереке күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Сән салоны, шаштараз, косметика және косметология қызметтері, маникюр және педикюр қызметін көрсететін орталықтар мен салондар (қатаң түрде 1 келушіге 4 м2 есебінен алдын ала жазылу бойынша) жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін істейді, демалыс және мереке күндері істемейді.
Монша, сауна (массажсыз және пилингсіз) жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша), демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді.
Фитнес-орталық, фитнес-клуб, спорт-сауықтыру объектілер алдын ала жазылу бойынша, бассейндерде бір жолда бір келушіден ғана болу және жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін істейді, демалыс және мереке күндері істемейді.
Балабақшада кезекші топтар 15 баладан артық толтырмай, жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ге дейін істейді, демалыс және мереке күндері жұмыстарына тыйым салынады.
Қоғамдық тамақтандыру объектілері (мейрамхана, дәмхана, бар, асхана) ғимараттың ішінде 30-дан артық емес және жазғы алаңда 30-дан артық емес орындыққа рұқсат беріледі. Үстелдер арасында кемінде 2 метр қашықтық сақталуы керек. Бір үстелге 4-6 адамнан аспай отырады. Жұмыс күндері жұмыс кестесін 9:00-ден 23:00-ге дейін, жеке иелік аумақтары мен тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілер үшін жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін ұйымдастырылады. Демалыс және мереке күндері 9:00-ден 22:00-ге дейін және тамақ жеткізуге жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін белгілене отырып рұқсат беріледі.