Жедел жәрдем қызметін күшейту үшін қазан айында республикалық бюджет есебінен лизинг бойынша 40 машина сатып алу жоспарланған
Қызылорда облысында 200 орындық модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
«Бүгінгі күні учаске бөлініп, құрылысқа дайындық жүріп жатыр. Эпидемияның екінші толқыны болған жағдайда, қажет болған жағдайда, үш мың орындық аурухана ашылады»,- делінген хабарламада.
Өңірде екі айлық дәрі-дәрмек қоры қалыптасқан. Алдағы күндері 96 ӨЖЖ аппараты жеткізіледі. Жергілікті бюджет қаражатына 4 флюорографиялық және 4 рентген аппараты сатып алынады. Қызылордада, Қазалы және Шиелі аудандарында үш оттегі зауыты салынады.
«Жедел жәрдем қызметін күшейту үшін қазан айында республикалық бюджет есебінен лизинг бойынша 40 машина сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, бізде 161 мобильді топ бар. Емханаларда адамдардың жиналуын болдырмау үшін біз пациенттерге үйде қызмет көрсету мәселесін қарастырудамыз. Мұндай топтар құрылып, дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз»,- деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Базылов.