COVID-19 салдарынан қайтыс болған 5 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді
Қызметтік міндетін атқару кезінде коронавирус және вирустық пневмония жұқтырған 1048 медицина қызметкері Медсақтандыру қорынан өтемақы алды. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 5 медицина қызметкерінің туыстарына төлем аударылды.
Өңірлер арасында COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру салдарынан ең көп төлем алған Нұр-Сұлтан (146) және Алматы (126) қалалары, Алматы (93), Ақмола (80) және Батыс Қазақстан облыстарының (73) медицина қызметкерлері.
Айта кетейік, коронавирус инфекциясын немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясы немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.