Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониядан 7 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Бір тәулікте 531 адамнан коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония анықталды
 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониядан 7 адам көз жұмды. Ал 531 адамның аталған індетті жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бір тәулік ішінде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 43 адам жазылып шыққан.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 592 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 38 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 320 науқас жатыр. 4 272 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы, науқастардың арасында 255 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 44 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.  

1-28 тамыз аралығында 24 632 адам коронавирус індетін жұқтырса, оның 278-і қайтыс болған. Ал  5 299 адам емделіп шықты.