$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2020, 16:20
Қоғам

«Балалар бір-біріне шын ғашық». Атырау облысында 13 жасар келін үйіне оралды

Олар биыл 8-сыныпқа көшкен  

 

«Балалар бір-біріне шын ғашық». Атырау облысында 13 жасар келін үйіне оралды
Фото: ашық дерек көзінен

25 тамызда әлеуметтік желіде Атырау облысында 13 жасар қыз тұрмысқа шықты деген ақпарат пайда болды. Кәмелетке толмаған қыз 2002 жылғы жігіттің отбасына келін болып түскен, деп хабарлайды Ақжайық.

Бұл жаңалықты әркім әртүрлі қабылдады. Бір қызығы, «жастарға» бақыт тілегендер де баршылық.

Полиция тексеру барысында Атырау қаласының Привокзальный ықшамауданында тұратын кәмелетке толмаған қыздың былтыр желтоқсаннан бері Миялы ауылының жігітімен кездесіп жүргенін анықтады.

«Көп кешікпей олар үйленеміз деп шешкен. Ал үш баланы бір өзі өсіріп отырған ана неліктен екені белгісіз, ортаншы қызының Миялы ауылына келін болып түсуіне рұқсат берген. Күйеуінің әке-шешесі, тіпті, келін түсіру салтын да жасаған. Бұл жаңалық ауыл тұрғындарына тез таралып, полицияға белгілі болды», - деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызылқоға аудандық ювеналдық полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын бастап, қыздың анасын шақыртқан. Анасының қатысуымен аудандық аурухананың гинекологы қызды тексеріп, оның жыныстық қатынаста болмағанын және басқа да дене жарақатының жоқтығын анықтады.

«Дегенмен де, кәмелетке толмаған қызбен, оның «күйеуімен» және ата-аналарымен ҚР ҚК-нің 122-бабына сәйкес, 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас үшін қылмыстық жаза қарастырылғаны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді»,- деп жазады басылым.

Полицейлердің тексеру жұмыстарынан кейін қыз үйіне, анасына қайтарылды, ол бірнеше күннен кейін мектептегі сабағын жалғастырады. Биыл «қалыңдық» 8-сыныпқа көшкен.

Серіктес жаңалықтары