Табысынан айырылған 2,3 млн адам 21 250 мың теңгеден алды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінге дейін 2 млн 589 мыңнан астам өтініш қабылданды

Фото: ашық дерек көзінен

2 млн 372 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды, деп хабарлайды Еңбек министрлігі.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 589 мыңнан астам өтінімнің ішінде:

– 834,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 681,3 мың адам eGov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 411,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 664,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;

– 0,5 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 834,5 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 265,2 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 492,8 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 384,3 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 380,2 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.