Осы уақыт аралығында 13 мыңға жуық отбасы ажырасқан
Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2020 жылдың алты айында қанша неке қиылып, қанша отбасы ажырасқанын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанда биыл алты айда
45 036 неке тіркелген. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 59 555 болған. Ең көп неке тіркелген өңірлер арасында Алматы (5435) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Түркістан облысы (5305), Алматы облысы (4823), Нұр-Сұлтан (3198), Қарағанды облысы (3157) тұр.
Статистика мәліметтеріне сенсек, былтыр алты айда Қазақстанның барлық өңірінде биылғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көбірек неке қиылған.
Неке қиюдың ең аз көрсеткіші Солтүстік Қазақстанда (1124) тіркелген.
Биыл алты айда 12 747 отбасы ажырасқан. 2019 жылы ажырасулар саны 29 025 болды. Ең көп ажырасу дерегі тіркелген өңірлер арасында Алматы - 1655, Алматы облысы - 1507, Қарағанды облысы -1507, Нұр-Сұлтан - 1025, Шығыс Қазақстан обылысы (1003) көш бастап тұр. Ажырасу көрсеткіші ең аз өңір - Атырау облысы (208).