Оның айтуынша, әкімдік көліктері жиі жаңарады екен
Блогер Ринат Кибраев Талғар қаласы әкімдігінің автотұрағына барып, жергілікті шенеуніктердің қандай көлікпен жүретінін көпшілікке көрсетті. Видеороликті ол YouTube порталындағы LIFE KZ каналына жүктеген.
«Бұл олардың автопаркі. Санап көрейік, біздің шенеуніктерге автокөлік сатып әперу үшін қаншама миллиондар жұмсалды екен?! Қазақстан, әсіресе Талғар ауданы дамып жатыр. Сондықтан шенеуніктер жыл сайын жаңа автокөлік сатып алады», - дейді блогер.
Келесі видеороликте Кибраев әкімдіктің қарсы бетінде жол ережесін бұзған автокөлікті көрсетеді. «Бұл автокөлік жергілікті мәслихат депутатына тиесілі. Жанында тұрған полицейлер ереженің бұзылғанын көрсе де көзін жұма қарады», - дейді ол.