Сонымен қатар ол бірнеше адамға тұрғын үй алуға көмектесетінін айтқан
Ақтауда алаяқ дуа мен көз тиюдің бейтін қайтару үшін үш адамның 5 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарын иемденіп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар әйел тағы екі адамды жұмысқа орналастыруға және тұрғын үй алуға көмектесетінін айтып алдап соққан. Бұл екеуі алаяққа 2 млн теңге берген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Зардап шеккендер ешқандай келісімшарт южасамай, алтындары мен ақшаны өз қолдарымен берген. Полиция қызметкерлері азаматтарды мұқият болуға шақырады», - деп жазылған хабарламада.