Бетперделерді полицейлер мен еріктілер бірлесіп, өздері тіккен
СҚО полицейлері «Есірткіге жол жоқ» логотипімен 2 мың медициналық маска таратты. Қорғаныш құралы көпбалалы отбасыларға, қарттар мен студенттерге берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері акцияны өткізу үшін еріктілермен бірлесіп «Есірткіге жол жоқ» логотипі бар бетперделерді өздері тіккен. Оларды халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына материалдық көмек түріндегі пакеттер ұсына отырып, қарт адамдарға, көпбалалы отбасыларға, студенттерге таратты.
«Бетперде инфекциядан қорғану ғана емес, сонымен бірге салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Есірткі – біздің заманымыздың басты қауіптерінің бірі. Сондықтан біз қоғамды қорғау және көркейту жұмысында жүрген тәртіп сақшыларын қолдауға тырысамыз», - дейді Петропавл қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының мүшесі Самат Бакин.
Медициналық маскалар таратылғаннан кейін, еріктілер полицейлермен бірлесіп, Черемушки ауданында рейд өткізді, онда олар үйлер мен гараждардың қабырғаларында есірткі саудасымен айналысатындардың веб-ресурстарын жарнамалайтын 60-тан астам граффити анықтап, жойды. 7 айдың ішінде полицейлер мен облыс тұрғындарының бірлескен күшімен 257 есірткі граффитиі жойылған.
«Есірткіні жарнамалаушыларға қылмыстық жауапкершілік көзделгеннен бері олардың саны күрт төмендеді, өйткені, енді олар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Осыған қарамастан проблема шешілер емес, біз өз әрекетімізбен қоғамның назарын аударып, есірткі сияқты кесел отбасыларға күтпеген жерден келуі мүмкін екендігін еске салғымыз келді». – деді Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО