Олар емтиханға смартфон алып кірген
Павлодарда магистратура мен бакалаврға тапсырған 40-қа тарта талапкердің тест нәтижесі жойылды. Себебі абитуренттер емтиханға смартфон алып кірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Жақында өңірде магистратура мен бакалаврға емтихан басталды. Бірінші күні 280 талапкер тест тапсырған. Соның 10-ы ұялы телефонмен ұсталды. Ал, күні кеше ғана өткен тестіде тағы 30 талапкер смартфонмен анықталды.
«Тексеру кезінде аудиторияларда ұялы байланыстың ажырамағанын анықтадық. Фейсбук желісіндегі парақшамыз арқылы онлайн трансляция жүргізіп көрдік. Бұлай болмауы керек», - дейді «Ертіс - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетеушісі Ризабек Исабеков.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған техникалық ақаулар себеп болыпты. Ал жоғары оқу орын басшылығы емтиханның талапқа сай, әділ өткенін айтты.