Бұл жоба әзірге тек Астана тұрғындарына ғана арналған
Астаналықтар енді жүргізуші куәлігінің теориясын онлайн тапсыра алады. Болашақта бұл жоба қазақстандықтардың бәріне ортақ болуы мүмкін. Енді астаналықтар жүргізуші куәлігінің теориялық тестілеуін онлайн тапсыра алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығының мәліметіне сүйенсек, астаналықтар енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, ноутбук арқылы үйде тест тапсыра алады.
«Азаматтар теорияны тапсыру үшін eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «ХҚКО қызметтері» - «Онлайн тест тапсыру» бөлімінен өтуі керек. Жобаның бірінші сатысы әзірге ілкі жоба ретінде Астанада басталған. Яғни, Астанада тіркеуде тұрған азаматтардың бәрі теориялық бөлімді онлайн тапсыра алады», - деп хабарлайды орталық.
Оқи отырыңыз: Алматыда жүргізуші куәлігін алу қиындады: тұрғындар наразылық білдірді
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Ішкі істер министрлігі Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгеретінін мәлімдеген еді.