Олар көбіне түнде ата-анасының қарауынсыз көшеде жүрген
Жамбыл облысының полициясы күзгі каникул кезіндегі рейдтің арқасында жасөспірімдер арасындағы 260 заң бұзу фактісінің алдын алдық дейді. Жалпы рейд кезінде түн ішінде көшеде ата-анасының қарауынсыз жүрген 239 бала анықталыпты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция көбіне кәмелетке толмаған балалардың кешкі және түнгі уақыттағы қауіпсіздігіне назар салған көрінеді.
«Рейд кезінде түнгі уақытта көшеде жалғыз жүрген 239 бала анықталды. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарына жалғыз барған 4 бала тіркелді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылықтың 17 фактісінің алдын алдық», - деп хабарлайды Жамбыл облысының полициясы.