Маусым-шілде айларында науқасқа лық толған ауруханалар босап жатыр
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстандағы екінші қатаң карантиннің нәтижесін жария етті. Оның айтуынша, КВИ ауруына қатысты жедел жәрдемге хабарласатындардың саны 68%-ға азайған.
«Шілде айында басталған күшейтілген карантин режимінің бес аптасында ауруханалардағы жатын орындардың 60%-ы босады. Соның ішінде, жансақтау бөліміндегі орындар 58%-ға босады», - деп мәлім етті ол.
Ведомствоның ресми өкілінің айтуынша, індеттен жазылып шыққандардың саны 73%-ға дейін өскен.
«Жалпы, Қазақстанда ауру түрлері мен өлім-жітім көсеткіші былтырғымен салыстырғанда оң нәтиже көрсетіп отыр. Оған таң қалмаңыздар. Бала туу көрсеткіші артып, нәресте өлімі 13,3%-ға төмендеді. Елімізде туберкулез салдарынан болатын өлім 20%-ға азайды», - деді Бағдат Қожахметов.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан