Бүгін, 13:58
Қоғам

ШҚО тұрғыны үш жылдан бері екі елдің азаматы ретінде өмір сүріп келген

ШҚО-да жыл басынан бері 650-ден аса адам Қазақстан азаматтығынан айырылды

ШҚО тұрғыны үш жылдан бері екі елдің азаматы ретінде өмір сүріп келген
Фото: istockphoto.com

ШҚО-ның Глубокое ауданында тұратын 63 жастағы әйел адам 2023 жылдың шілдесінде шет мемлекеттің азаматтығын алғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, зейнеткер әйел өзге елдің азаматтығын алғаны туралы жауапты органдарға хабарламаған. Осы үш жыл ішінде екі елдің азаматы ретінде өмір сүріп келген.

Тәртіп сақшылары жағдайды анықтағаннан кейін өзге елдің азаматтығын алған әйел адамды Қазақстан азаматтығынан айырды.

«Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 650-ден аса адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Олардан бөлек, тағы 48 адам тиісті талаптарды бұзғаны үшін жазаланды», – делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстанда қос елдің азаматы болуға тыйым салынған. Егер Қазақстан азаматы өзге елдің азаматтығын алар болса, 30 күн ішінде жауапты органдарға хабарлап, Қазақстанның төлқұжаты мен жеке куәлігін тапсыруы қажет.