Депутат ішкі істер министрінің атына депутаттық сауал жолдады
Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында депутат, «Әділет» фракциясының депутаты Айжан Аймағанова ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атына депутаттық сауал жолдап, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық әлі де тоқтамай тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Депутат ең алдымен бұл мәселені шешуде тіпті президенттің арнайы Жарлығы бар екенін еске салды. Яғни, биыл 16 наурыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев №1204 Жарлығы арқылы отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін Үкіметке нақты шаралар қабылдауды тапсырған болатын.
Аймағанова атап өткендей, бұл міндетке «Әділет» партиясы да өзінің сайлауалды бағдарламасында
ерекше мән берген.
Әрине, депутат атап өткендей, Қазақстан әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау бағытында маңызды шаралар қабылдап-ақ жатыр: жаза күшейді, алдын алу тетіктері кеңейді. Алайда, Аймағанова атап өткендей, қайғылы жағдайлар тоқтамай тұр.
«Соңғы бірнеше айдың өзінде қоғамды дүр сілкіндірген бірнеше оқиға болды. 13 шілдеде Абай облысында 20 жастағы Дильназ Жұмағұлова көптеген пышақ жарақатынан қаза тапты. 23 қыркүйекте Астанада екі баланың анасы Жазира Адауованы бұрынғы жұбайы өлтірді. Осы орайда қолданыстағы қорғау тетіктері зорлық-зомбылық болғаннан кейін ғана әрекет етпей, қауіпті алдын ала анықтап, оның жолын кесуге қаншалықты мүмкіндік береді деген маңызды сұрақ туындайды. Оған қажетті құқықтық та, цифрлық та мүмкіндіктер бізде бар», - дейді депутат.
Сондықтан, ендігі міндет - сол мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, қауіпті дер кезінде анықтау және адамның өмірі мен қауіпсіздігін қорғау. Бұл ретте Аймағанова мысал ретінде Франциядағы тетікті атап өтті.
«Бұл үшін жаңа әрі қымбат ақпараттық жүйе құрудың қажеті жоқ. Қазақстанда профилактикалық есепке алу мен электрондық бақылаудың қажетті тетіктері қазірдің өзінде бар», - дейді Аймағанова.
Сондықтан, ол ішкі істер министрі Ержан Сәденовке нақты ұсыныстарын айтты:
«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру үшін қолда бар құқықтық және цифрлық мүмкіндіктерді пайдаланып, қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтап, оның алдын алуымыз керек», - деді сөзін түйіндеген ол.