«Әділет» партиясы мен іскерлік кеңесінің мүшелері Каспийде қаза тапқан сарбаздардың отбасына 1,5 млрд теңге аударады

Автор: Бақыт Шынар

Әлі де қаржы аударып жатқан азаматтар бар

Фото: instagram.com/shakhmurat_mutalip

«Әділет» партиясының мүшелері мен партияның Іскерлік кеңесінің өкілдері Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан, сондай-ақ зардап шеккен сарбаздардың отбасыларына көмек ретінде 1,5 млрд теңге аударады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл қаражат ерікті түрде жиналған ақша және көмек көрсетемін деген өзге де азаматтар тағы да ақша аударады.

Ал осы уақытқа дейін, партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, мына азаматтардан 1 млрд 500 млн теңге жиналған. Соның ішінде:

  • Республикалық тау-кен және металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец 600 млн теңге:
  • «Alageum Group» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов 300 млн теңге;
  • «ВД-Строй Инжиниринг» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Еркін Оқасов 300 млн теңге;
  • сондай-ақ Елбегі Әбдиев, Қанат Ибраев, Мұрат Әмірин, Юлия Якупбаева, Серік Аманғалиев және Талғат Темірхановтар 50 млн теңгеден берді.

«Олардың барлығы – «Әділет» партиясы мен Іскерлік кеңестің мүшелері. Қаражат жинауға партияның басқа да мүшелері атсалысып жатыр. Жиналған қаржы қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету үшін «Ұлттық рух» қорына аударылады», - деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, опат болған сарбаздардың отбасыларына көмек ретінде әлі де қаражат жиналып жатыр.

Ал «Әділет» партиясының мүшелері Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, ауруханадағы сарбаздың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.