Ол үш жыл ауылда қызмет етуі тиіс еді
ШҚО-да «Дипломмен ауылға» барған медбике мемлекеттен 5 миллион теңге алған соң, ауылдан кетіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура бағдарлама аясында болған заңбұзушылықтарды анықтады. Талдау нәтижесінде мемлекеттен қаражат алған жеке тұлғалар жалпы сомасы 10,6 млн теңгеге шарттық міндеттемелерді орындамағаны анықталды.
Мәселен, 2023 жылы Күршім ауданы әкімінің қаулысымен медициналық колледжді аяқтағаннан кейін аудандық ауруханаға жұмысқа келген жас маман – мейіргерге 5 млн теңге мөлшерінде бюджеттік кредит беріліп, сондай-ақ 345 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленген.
Алайда 3 жыл бойы ауылда қызмет етуі тиіс медбике шартты орындамаған. Тексерістен кейін 2,95 млн теңге мемлекетке қайтарылды. Қалған соманы өндіріп алу мәселесі бақылауға алынды.