«Шаш пен жіп жеп қоюы мүмкін»: Жамбыл облысында 2,5 жасар баланың ішінен бір уыс «қоқ» шыққан (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Қазір баланың денсаулығы жақсы

Фото: скриншот

Жамбыл облысында 2,5 жасар баланың ішінен 12 сантиметрлік «қоқыс» табылған. Дәрігерлердің айтуынша, көбіне асқазанға қорытылмайтын бөтен зат түскен кезде ол ұйысып қалады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, түйіндінің көлемі 10-12 сантиметрге жеткен.

«Тексеру барысында баланың асқазанынан безоар анықталған. Бұл — асқазанда қорытылуы қиын немесе қорытылмайтын заттардың жиналуынан түзілетін тығыз дүние. Балалар өсімдік талшығын, дән, қабық, шаш пен жіп сияқты бөгде зат жеп қойғанда, асқазанында безоар пайда болады», - деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлер ұзындығы шамамен 10–12 сантиметр, ені 7–9 сантиметрге жуық безоар толық алынған. Операцияны Эльбрус Салпагаров пен Әлімжан Аукенов жасаған.