Өскеменде 70 жастағы әйел екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Автор: Махан Миражан

Оқиғаға қатысты полиция тергеу бастады

Фото: istockphoto.com

Өскеменде зейнеткер көпқабатты үйдің екінші қабатынан құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Космонавтар көшесінде болған. 70 жастағы әйел түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен. Аталған ақпаратты полиция растады.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Астанада жас келіншек биіктен секіріп, есік алдында тұрған арбаның үстіне құлап түскен еді. Жантүршігерлік оқиғадан әйел де, арбадағы бала да жан тапсырған болатын.