Шәкір Кейкин Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті

Автор: Махан Миражан

Ақпаратты Атырау әкімдігі растады

Фото Атырау облысы әкімдігінің баспасөзі

Шәкір Кейкин Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті. Бұл ақпаратты Атырау қаласының әкімдігі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Шәкір Кейкин Атырау қаласын 2023 жылдың 10 шілдесінен бері басқарды. Оның орнына әзірге кім тағайындалатыны хабарланған жоқ.

Бұған дейін Мақат ауданының әкімі, Атырау қаласы әкімінің орынбасары және Құлсары қаласының әкімі қызметтерін атқарған. Кейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментін басқарды.