Қасиетті Құран жарысына 80 адам қатысқан
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХV республикалық байқау өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Мүфтияттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Құран жарысына 80 адам қатысқан. Ал жеңімпазды Бас мүфти, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттаған. Жарысқа демеушілер қаржы бөлгені хабарланып отыр.
«Қазылар алқасының шешімімен Құранды толық жатқа айтқан маңғыстаулық Рахымжан Ержанұлы автокөлік жеңіп алды. Бұл аталым бойынша екінші орынды Ұлытау облысынан келген Ахмад Махмадраджабұлы жеңіп алып, 5 млн теңге ұтты. 3-орын иеленген Нұртілеу Серікұлы 4 млн теңге, 4-орын алған Бекзат Дулатұлы 2 млн теңге, 5-орын алған Мансұрхан Сарварханұлы 1,5 млн теңге алды», - деп хабарлайды Мүфтият.
Ал, өзге аталымдар бойынша жеңімпаздар мен олардың жүлде қоры мынандай болған:
Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:
Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:
Құранды мәнерлеп оқу бойынша:
Сондай-ақ 10 пара бойынша сайысқа түскен ең жас қарилар Ахмет Нұрланұлы (ШҚО, 9 жаста) мен Әбділәзиз Әбдулбасит (Қарағанды облысы, 9 жаста) «Көрермен көзайымы» номинациясымен (300 000 теңгеден) марапатталды.
Жарысқа қатысып, жүлде алмаған үміткерлердің әрқайсы 80 000 теңге жеңіп алған.