02.09.2026, 16:37
Қоғам
Каспий мен Алакөлдің жағасы, Марқакөл мен Зайсан: Қазақстанның алты аймағында тек шетелдіктерге арналған казино ашылады
Үкімет олардың тізімін бекітті
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Үкімет елде казино мен ойын автомат залдары жұмыс істей алатын аумақтарды белгіледі. Бұл казиноларға тек шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар ғана кіре алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy .
Үкімет бекіткен тізімдегі өңірлер:
- Алматы облысының Талғар және Ұйғыр аудандары
- Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауы
- Жетісу облысындағы Алакөл көлінің жағалауы мен Панфилов ауданы
- Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл және Зайсан аудандары
- Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданы
- Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауы
Мұндай ойын-сауық орындарына тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар кіре алады. Қазақстан азаматтарына казино мен ойын автоматтары залдарына еңбек немесе қызметтік міндеттерін орындауға байланысты ғана кіруге рұқсат бар.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Казино салынатын аумақтардың тізбесін бекіту туралы» қаулыға 26 тамызда қол қойған. Оның мәтінін 31 тамызда жариялады. Қаулы 11 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 11:43
Алдын-ала кесте: 2027 жылы Рамазан айы сегізінші ақпанда басталып, сегізінші наурызда бітеді
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды