Қырғыз халқы VI Көшпенділер ойындарына барған Қазақстан құрамасына ерекше ықылас танытқан (ВИДЕО)

Қазақстан атынан 150-ден астам спортшы қатысып жатыр

Қырғыз халқы VI Көшпенділер ойындарына барған Қазақстан құрамасына ерекше ықылас танытқан (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында VI Көшпенділер ойындары салтанатты түрде ашылып, су жаңа «Бішкек арена» стадионына жиналған жанкүйерлер Қазақстан құрамасын ерекше сән-салтанатпен қарсы алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның Көк туын Көкпардан ұлттық құрамасының капитаны Құрманбек Тұрғанбек ұстап шықты. Ол үстіне қазақ жауынгерінің сауыты мен заманауи үлгідегі көк шапанын киіп шыққан. Одан бөлек, Қазақстан құрамасы ортаға шыққан кезде жүргізушілердің ерекше ықыласпен қарсы алған видеосы әлеуметтік желіде көп таралып жатыр. 

Биыл додада Қазақстан атынан 150-ден астам спортшы бақ сынайды. Отандастарымыз ұлттық спорт түрлерімен қатар, ойын бағдарламасындағы өзге де бағыттар бойынша жарысқа түседі.

VI Көшпенділер ойындары 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен 3 мыңға жуық спортшы қатысып, 43 спорт түрінен бірінші орынға таласады.