Науқасқа дәрігерлер «екіжақты коронавирустық пневмония» диагнозын қойған
Аяғы ауыр келіншектің өкпесінің 90%-ға жуығы зардап шеккен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Науқастың жағдайы ұзақ уақыт ауыр болғандықтан, дәрігерлер кесарь тілігі отасын жасау туралы шешім қабылдапты.
Айта кетерлігі, өкпені жасанды желдету аппаратының көмегімен әйел 20 күннен астам уақыт тыныстап жатқан. Бір қуантарлығы, дүние есігін жаңа ашқан нәрестенің дені сау. Қазір жас ана перзентханадан шығуға дайындалып жатыр.
Ал науқас Асыл Бимендинаның өзі «Мен өмірге қайта келгендей болдым. Себебі,өкпемнің 90%-ы зақымданған еді» деп, дәрігерлерге алғысын айтты.