Жиын ашық пікір алмасу форматында өтті
«Ауыл» партиясынан Абай облысы бойынша Құрылтай депутаттығына кандидат Балнұр Серікқызы «СемАЗ» ЖШС ұжымымен ашық форматта жүздесіп, қызметкерлердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиын барысында алдағы сайлау және кәсіпорын жұмысшыларын толғандырған өзекті мәселелер сөз болды. Кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Кәсіпорын қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Жиын ашық пікір алмасу форматында өтті.