Жиында техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру, жастардың еңбек нарығына бейімделуі және ауыл мектептерін білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселелері сөз болды
«Ауыл» партиясының сенімді өкілдері Жамбыл атындағы жоғары гуманитарлық колледжінің ұжымымен пікір алмасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуге Баймұрат Жақсыбеков пен Мұрат Жұмаділдаев қатысты. Олар колледж ұжымына партияның білім беру саласына қатысты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Жиында техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру, жастардың еңбек нарығына бейімделуі және ауыл мектептерін білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.
Колледж оқытушылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білім беру саласына қатысты ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.