Абырой болғанда, дәрігерлер анады да, баланы да аман алып қалды
Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығына қағанақ суы ерте кеткен жүкті әйел түскен. Баланың өміріне қауіп төнген соң дәрігерлер әйелге шұғыл түрде кесарь тілігін жасауға бел буған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Операция кезінде мамандар көлемі 20×25 сантиметр болатын алып миоманы анықтады. Бұдан басқа, әйелдің ішегі жатырға жабысып қалған. Клиникалық жағдайдың күрделілігін ескере отырып, №2 қалалық перинаталдық орталықтың директоры Светлана Рахимова шұғыл операцияны жедел ұйымдастырып, хирургиялық араласуға Алматы онкологиялық орталығының онкогинекологы Райхан Болатбекованы тартты», - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Осылайша, дәрігерлер бірлесе отырып, әйелді де, баланы да аман алып қалған. Және ең бастысы әйелдің жатырына да зиян келгемен.
«Салмағы 2,2 келі болатын шала туған ұл бала дүниеге келді. Туғаннан кейін сәби жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімшесі мамандарының бақылауында болды. Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің арқасында оның жағдайы тұрақтанды», - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.