Президенттің жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметті 2022 жылдан бері атқарып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалды», – делінген хабарламада.
Берік Ноғайұлы Асылов 1964 жылғы 28 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген. 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Алматы қаласының Алатау аудандық прокуратурасында тағылымдамадан өтуші ретінде бастаған.
1992–2001 жылдары Алматы қаласы Алатау аудандық прокуратурасының аға тергеушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі және аға тергеушісі, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2001–2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында басшылық қызметтерде жұмыс істеп, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары болды.
2006 жылы Батыс өңірлік көлік прокуроры, кейін Ақтөбе облысының прокуроры қызметіне тағайындалды.
2010 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болды. 2011–2017 жылдары Алматы қаласының прокуроры, ал 2017–2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарды.
2019 жылдың наурызында Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметін атқарып келеді.
2020 жылғы 6 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен оған 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі жоғары сыныптық шені берілген.