Мереке күні елордада дүниеге келген сәбилердің басым бөлігі – ұл балалар
Елорда күні Астананың перзентханаларында 24 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.
6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден бастап елордадағы медициналық ұйымдарда 15 ұл және 9 қыз туған.
Ең көп сәби №2 көпбейінді қалалық ауруханада өмірге келген. Мұнда 9 нәресте туған, олардың 8-і ұл, 1-еуі қыз.
Қалалық перинаталдық орталықта 7 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 4 ұл мен 3 қыз бар.
Ал №3 көпбейінді қалалық ауруханада 8 нәресте туған. Оның 3-еуі ұл, 5-еуі қыз.
Дәрігерлердің айтуынша, барлық аналар мен жаңа туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты. Олар дәрігерлердің бақылауында болып, қажетті медициналық көмекті алып жатыр.
Сонымен қатар қала әкімдігі Елорда күніне орай тұрғындар игілігіне 30 жаңа аула, сквер және спорт алаңы берілгенін хабарлады.