Коронавируспен ауырған қазақстандықтардың денсаулығын мемлекет тегін сауықтырып бермек

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Болат Төкежанов мәлім етті

Фото: Нұрдәулет Әбікеев

Ол коронавирус инфекциясы мен пневмония дерті өршіп тұрған кезде, сақтандырылғандарына қарамастан, өз ақшаларына емделіп, өз ақшаларына дәрі-дәрмек алғуға мәжбүр болғанын мойындады.

«Ауру өршіп кеткен кезде көптеген қазақстандықтар диагноз анықтап, оны емдеп, дәрі-дәрмек алуға қалтасынан көп шығын шығарды. Осыған байланысты, қор инфекциямен ауырып шыққан азаматтарды сауықтыруға кететін қаржыны өз мойнына алады. Ал халықтың көбі сауықтыруға мұқтаж», - деді қордың шешімін мәлім еткен Болат Төкежанов.

Болат Төкежановтың айтуынша, қазір қор Денсаулық сақтау министрлігімен бірге емханалардан бастап, сауықтыру орталықтарын, тіпті, емдеу-курорттық ұйымдарды қоса алғанда, азаматтарды сауықтыруға жатқызатын мекеме іздеп жатыр.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан