Константин Судя мен Федор Судя: Ұлттық ұлан егіздерді ажыратпай, бір әскери бөлімге қабылдаған (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Көкшетаудан шыққан егіздер Ұлттық ұланда бірге қызмет етеді

Фото: Ұлттық ұлан

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөліміне жас сарбаздар легі келді. Олардың арасында бір үйдің егізі – Константин Судя мен Федор Судя бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ұлттық ұланның мәліметіне сүйенсек, әскери бөлім егіздерді ажыратпай, бірге қызмет еткізіп жүр.

«Екі егіз жігіт 2007 жылы 2 маусымда дүниеге келген және бала кезден жұптары ажырамаған. Олар Ақкөл қаласының №2 орта мектебінде білім алып, кейін Көкшетау колледжінде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығын оқып шыққан. Үйдегі үш ұлдың екеуі, яғни, ағайынды екі жігіт әскерде де бірге жүргісі келген», - деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Бүгінде жас әскери қызметшілер алғашқы әскери дайындық курсынан өтіп, армия өміріне бейімделіп жатқан көрінеді.