Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады
Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі – «е-Ымдау» ым-ишара тілінің бейне-сөздігі ресми түрде қолданысқа енді, деп хабарлайды
Бейне-сөздікті оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ ғылыми-әдістемелік кеңесі мен Мектепке дейінгі және орта білім комитеті жасап шығарған.
Жаңа цифрлық ресурс есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектердің білім алуына, қарым-қатынас жасауына және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. «е-Ымдау» бейне-сөздігі сөздер мен ұғымдарды ым-ишара арқылы көрнекі түрде ұсынатын интерактивті деректер базасына негізделген. Автоматтандырылған іздеу жүйесінің көмегімен пайдаланушылар қажетті сөзді жылдам таба алады.
«Бейне сөздік қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Оны App Store қосымшасы арқылы жүктеуге немесе Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ресми сайты арқылы онлайн форматта пайдалануға болады», - деп хабарлайды министрлігі.
Жалпы, «е-Ымдау» сөздігі 21 лексикалық тақырыпты қамтиды.