Көбіне сұранысқа ие жұқпалы ауруға қарсы дәрілердің құны негізсіз өсірілген
Алматы облысындағы 11 дәріханада емдік препараттар бекітілген бағадан қымбатқа сатылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Көбіне сұранысқа ие жұқпалы ауруға қарсы дәрілердің құны негізсіз өсірілген. Фармацевтикалық өнім сататындардың бұндай заңсыз әрекетін арнайы тексеріс жүргізген мониторингтік топ анықтады. Құзырлы мекеме өкілдері өңірдегі 150-ден аса дәрі сататын сауда орындарын аралап шыққан.
«Осы мониторингтің қорытындысы бойынша 11 хаттама толтырылды. Фармбақылау қызметкерлерімен бірлесіп, 130-дан 200 айлық көрсеткішке дейін айыппұл салынады», - деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің басқарма басшысы Асқар Садықов.