02.06.2026, 23:17
Қоғам
Каспий теңізінің жағасында тағы да өлі итбалықтар анықталды
Мамандар Форт-Шевченко маңындағы теңіз суынан сынама алды
Фото: istockphoto.com
Каспий теңізінің жағалауынан өлі итбалықтар тағы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық экология департаментінің мәліметінше, 1 маусым күні Түпқараған ауданы жағалауынан тағы 20 өлі итбалықтың денесі анықталған.
«Тұщыландыру зауытынан Баутино ауылындағы “KCA” жағалауына дейінгі аумақта 20 итбалықтың және бекіре тұқымдас 8 балықтың өлексесі табылды», – деп мәлімдеді ведомство.
2 маусымда зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченко қаласының теңіз жағалауынан су сынамаларын алды.
Зерттеу нәтижелері кейінірек жарияланады.
Еске салайық, бұған дейін де Ақтауда жағажайдан өлі итбалықтар табылған болатын.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды