Сот оларды медиация арқылы татуластырды
Тараз қаласының соты бір әйелдің 20 мың долларын алдап алып, ақшасын сұраған кезде оны үйден қуып шыққан екі күдіктінің ісін қараған. Жамбыл соттарының мәліметіне сүйенсек, арыз түсірген әйел – күдіктінің туған сіңілісі болған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Іс материалдарына сүйенсек, 2023 жылдың мамырында әпкесі мен жездесі әйелдің сеніміне кіріп, одан 20 мың доллар ақша алған. Яғни, бұл ақшаға олар Грузиядан көлік әкеліп, қайта сатқаннан кейін бойжеткенге ақшасын қайтарып беру керек болған. Бірақ, уақыты жеткенде олар ақшаны қайтарудан бас тартқан. Ал, сіңілісіне үйіне іздеп келіп, ақшасын сұрағанда, әпкесі мен жездесі оны қуып шыққан.
«Осыған байланысты әйел адам әпкесі мен жездесі негізсіз байыды деп санап, оларды сотқа берген. соттан ақшасын өндіріп беруді, болмаса, олардың мүлкі мен есепшоттарын бұғаттауды сұраған», - деп хабарлайды Жамбыл соттары.
Сот бірге туған екі әйелге медиация арқылы татуласуды ұсынып, мәселені бейбіт жолмен шешкен.
«Медиацияның келісіміне сай, әпкесі мен жездесі әйелге 19 250 АҚШ доллары көлемінде ақша төлеуге міндеттенді. Бірақ, сіңілісі бұл сомадан бас тартқан, өйткені, ақша бұл ақша Ұлттық Банктің ресми бағамы бойынша ұлттық валютада төленуге жатады, бұл 8,9 млн теңгеден асады. Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді. Әпкесі мен жездесі талап қоюшыға 10 мың АҚШ долларын төлеген», - деп хабарлайды Жамбыл соттары.