Үш күнде 200-ге жуық ата-ана жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Арнайы шара барысында үш күнде түнгі уақытта 155 жасөспірімнің қараусыз жүргені анықталды

Батыс Қазақстан облысында 30 қазан - 2 қараша аралығында «Қайыршылық» жедел алдын алу шарасы өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, үш күнде түнгі уақытта 155 жасөспірімнің қараусыз жүргені анықталды.

Сондай-ақ, 24 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқа қаладан келіп қараусыз жүрген 4 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды.

Қоғамдық орындарда қайыршылық жасағаны үшін 7 адам жазаланды.