Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 100 бала Тоқаевтың орындығына отырып көрді
Олар Ақорданы аралап, президенттің атынан сыйлық алған
Қазақстанның әр облысынан келген 100 бала бүгін Ақорданы аралап, мәз-мейрам күйге бөленді. Пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттарын қонақ еткен Ақорда қызметкерлері оларға экскурсия жасаған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашқан.
балалар Ақорданың қалай салынғанын, сәулеті мен тарихының ерекшелігін танып-білім, көкжиектерін кеңейткен.
«Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеген. Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады», - деп жазады Ақорда.
Экскурсия соңында балалар президенттің атынан естелік сыйлық алған.