Қазақстанда 2 мың мұғалім «Келешек мектептерінде» жұмыс істеу үшін тест тапсырып жатыр (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Олардың көбі жас педагогтер

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» атты ұлттық орталығы 2 мың педагогтен сынақ қабылдап жатыр. Олардың бәрі «Келешек мектептерінде жұмыс істегісі келеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жас педагогтерді іріктеп, тест тапсырған мұғалімдерді кәсіби сүйемелдемек.

«Осы мақсатта биыл еліміздің 18 өңіріндегі 19 педагогикалық жоғары оқу орнымен бірлесіп, болашақ педагогтердің кәсіби даярлығын анықтауға бағытталған бақылау ұйымдастырдық. Іріктеу тестілеуіне GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары шамамен 2 мыңнан астам жас маман қатысуға ниет білдірді», - деп хабарлайды министрлік.

Бұл ұстаздардың қандай нәтиже алғанын орталықтың платформасынан білуге болады.