Әкімдік құрбан шалғысы келген астаналықтар үшін бес орын бекіткен
Астана қаласының әкімдігі 27 мамыр күні таңғы 07:00-ден бастап (Айт намазынан кейін – авт.) 29 мамыр, кешкі 18.00-ге дейін қала аумағында мал сойып, құрбан шалатын орындарды бекітті, деп хабарлайды
Әкімдік хабарлап отырғандай, үш күн Айтта мына орындарда ғана мал союға болады:
«Астаналықтар үш күн бойы таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін тек осы бес жерге барып, құрбан шала алады. Бұдан басқа жерде мал союға болмайды», - деп хабарлайды Астана әкімдігі.
Сондай-ақ, әкімдік халықты тазалыққа шақырып, малдың бас-сирағын қоқыс контейнерлеріне емес, арнайы орындарға апарып, тапсыру керек екенін ескертіп отыр.