Сондай-ақ баласына, ата-әжесі мен немерелеріне де ресми түрде сыйға бере алады
Ішкі істер министрлігі көліктерді мемлекеттік тіркеуге қатысты бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, бірқатар ережелерді жаңартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сол бұйрыққа сәйкес, енді қазақстандықтар көлігін ауыстырған кезде, оның ескі нөмірін жақындарына сыйға бере алады.
Ереже бойынша, бұрын қолданыста болған нөмірді бөгде адамға бере салуға мүлдем тыйым салынады. Тек мына жақын туыстар арасында ғана қайта рәсімдеуге рұқсат бар:
Бұйрыққа сай, ескі нөмірін туысына бергісі келген адам Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы немесе цифрлық платформалар арқылы өтініш жазып, туысы екенін дәлелдейтін құжаттар ұсынуы керек.