Тараптар денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жаңа бастамаларды талқылаған
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) Атқарушы директоры Диен Кейтамен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, Диен Кейта Қазақстанға бірінші рет ресми сапарлап тұр. Тараптар репродуктивтік денсаулық, әйелдер мен жастарды қолдау, ана мен бала денсаулығын сақтау жүйесін нығайту, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылаған екен.
«Соңғы бес жылда Қазақстанда ана өлімінің деңгейі 35%, нәресте өлімі 25% төмендеді», - деген Әлназарова.
Министрдің айтуынша, ЮНФПА-мен ынтымақтастық Қазақстан үшін ұзақ мерзімді стратегиялық маңызға ие. Ал, ЮНФПА Атқарушы директоры Диен Кейта Азия өңірі ұйым қызметінің басым бағыттарының бірі екенін, ал Қазақстанның жаһандық медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесін дамытуда ерекше рөл атқаратынын айтты.