Шымкентте баласына алимент төлемей, «қашып» жүрген 81 әке қамалған – прокуратура

Автор: Бақыт Шынар

Оларды сот әкімшілік қамауға алған

Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласында алименттен жалтарып жүрген 119 адамның 81-ін сот әкімшілік қамауға алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, тағы жиырмашақты адамның ісі тергеуге кеткен.

«Шымкент қаласының прокуратурасы атқарған жұмыстың нәтижесінде 119 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 81-іне әкімшілік қамауға алынды. Балаларды асырау міндетінен жалтарған тұлғаларға қатысты 29 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оның 22-сі сотқа жолданды», - деп хабарлайды прокуратура.

Жалпы, алименттен жалтарып жүргендерден 384 млн теңге көлемінде алимент өндірілген.