Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы №9 емхана директоры хабарлады
Егер елорда тұрғыны үйінде жан тапсырса, оның қайтыс болғаны туралы куәлікті емхана береді. Бұл – тек Нұр-Сұлтан қаласындағы тәртіп.
«Өлім туралы куәлік беру ісі бізде бір ізге қойылған, бұған қатысты мәселе туындамауы керек. Егер жақыныңыз үйде жатып көз жұмса, уческелік дәрігерге немесе емхананың call-орталығына телефон соғыңыз. Марқұмның жеке куәлігін алып, емханаға келіңіз»,- дейді Сәуле Смағұлова.
№9 қалалық емхана директоры Сәуле Смағұлованың айтуынша, қазір үйінде қайтыс болған марқұмдар үшін куәлік беруде еш кедергі жоқ.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан