Ол бір топ жасөспіріммен бірге есірткі тарататын қылмыстық топтың мүшесі ретінде сотталып кеткен
Осыдан үш жыл бұрын есірткі таратты деген күдікпен қолға түсіп, 2024 жылдың 17 желтоқсаны күні 15 жыл 2 айға сотталып кеткен әйел түр-әлпетін ашық көрсетіп, сұхбат берген. Ондағы мақсаты – жастарды арзан ақшаға алданбай, еңбек етуге шақыру, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ксения қазір Солтүстік Қазақстан облысындағы колонияда жазасын өтеп жүр. Есірткі таратқаны үшін бір топ жас бала және кәмелет жасына толмаған қызбен бірге сотталған ол ағынан жарылды.
«Мен тура үш жыл бұрын, 2023 жылдың 9 сәуірі күні қолға түстім. Полиция ұстардың алдында қызымды соңғы рет құшақтап, соңғы рет бетінен сүйдім. Содан бері оны бір рет болсын көрген емеспін. Маған келіп тұратын жалғыз адам – шешем ғана. Аналардың бәрі осындай шығар», - дейді Ксения.
Ал «осы заңсыз әрекетке баруға не түрткі болды?» деген сұраққа жауап берместен бұрын Ксения бір күрсініп алған.
«Қазір жастардың көбі сән қуып, қымбат телефон ұстағысы келеді, қымбат киім киіп, қымбат тамақ ішкісі келеді. Сол үшін оңай олжаға ойланбай келіседі. Сондықтан, мен бұл өмірде бәрін еңбекпен істеу керек дер едім. Ал, қызым қашан екенін білмеймін, әйтеуір мені хаттарымды алады деп сенемін. Оны қатты сағындым», - дейді Ксения.