Үкімет 1 маусымнан кейін құны 4325 теңгеден арзан дәрілердің бағасын реттемейтін болды

Автор: Бақыт Шынар

Бектенов тиісті тапсырма берді

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Үкімет 1 маусымнан кейін бағасы 1 айлық есептік көрсеткіштен арзан, яғни, 4325 теңгеден арзан дәрілердің бағасын дерегуляциялауды аяқтауы тиіс. Яғни, 1 маусымнан кейін бағасы 1 айлық есептік көрсеткіштен арзан дәрілердің бағасын нарық өзі реттейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бүгін премьер-министр Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізген болатын. Отырыс қорытындысы бойынша Бектенов денсаулық сақтау министрлігіне бірқатап тапсырма берді.

«Денсаулық сақтау министрлігі осы жылдың 1 шілдесіне дейін «бір терезе» қағидаты бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеп аяқтауы керек. Осы жылдың 1 маусымына дейін көтерме және бөлшек сегменттегі құны 1 айлық есептік көрсеткішке дейінгі дәрілік заттардың бағасын дерегуляциялау жұмыстарын аяқтау қажет, ал 1 айлық есептік көрсеткіштен қымбат дәрілердің бағасын 1 желтоқсанға дейін реттеуден шығаруы тиіс», - деп жазылған үкіметтің ресми сайтында.