Ол үшін нақты талаптар бар
Елімізде 14 жасқа толған ұл-қыздар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз ісін бастай алады. Алайда бұл мүмкіндік нақты құқықтық талаптармен шектеліп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ең бастысы – жөсөспірімнің кәсіп бастауына ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі керек. Ал келісім болмаған кезде қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі, кәмелетке толмаған адамды толық әрекетке қабілетті деп жариялау туралы сот шешімі берілуі шарт.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, жеке кәсіпкерлік – азаматтың өз атынан, өз тәуекелімен табыс табуға бағытталған дербес қызмет. Ал оны мемлекеттік тіркеу бірнеше тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Яғни – мемлекеттік кірістер органдары, халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе eGov.kz порталы арқылы. Сондай-ақ қазіргі таңда екінші деңгейлі банктер мен e-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы да тіркелуге болады.