«Мантоварка» мен «мультиварка», «косяк» пен «дуршлаг»: Тіл институты кемі он сөзге қазақша балама ұсынға адамға ақшалай сыйлық береді

Автор: Бақыт Шынар

Байқау 13 мамырға дейін жалғасады

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірге қазақша баламасы жоқ отыз сөзді жариялап, конкурс бастады. Осы сөздердің қазақша атын ойлап тапқан адамға институт ақшалай сыйлық береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәлірек айтсақ, 13 мамырға дейін қазақстандықтар мына отыз сөздің ішінен кемі он сөздің қазақшасын ойлап табуы керек.

  1. кресло
  2. жалюзи
  3. комод
  4. простыня
  5. пододеяльник
  6. одеяло
  7. тумбочка
  8. раковина
  9. удлинитель
  10. миксер
  11. соковыжималка
  12. грильница
  13. термокружка
  14. отпариватель
  15. мультиварка
  16. мантоварка
  17. плед
  18. вытяжка
  19. шлагбаум
  20. фольга
  21. дуршлаг
  22. терка
  23. косяк
  24. карниз
  25. плинтус
  26. гардина
  27. контейнер
  28. розетка
  29. домофон
  30. кондиционер

Байқаудың шартына сай, балама ойлап тапқан адам Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген Қазақ тілінің ұлттық корпусы туралы Instagram неме Facebook парақшаларына пост жариялап, институт парақшасын белгілеу керек. Осы отыз сөздің ішінен тұрмысқа қажетті 10 заттың атауына қазақ тілінде балама ұсынып, оның тілтанымдық негіздемесін дәйектеу.

«Байқауға қатысу үшін үміткер байқау шартындағы тапсырманың жауабын ayagul.omar@gmail.com электрондық поштасына 2026 жылғы 10 мамырға дейін жолдауы тиіс. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2026 жылғы 15 мамырда өтеді», - деп хабарлайды институт.